Меню KDT

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары бос лауазымына хабарландыру

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары бос лауазымына хабарландыру
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары бос лауазымы
26.09.2024 бастап 07.10.2024 дейін жарамды

«Домалақ ене атындағы орта мектебі»КММ Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары бос лауазымға орналасуға ашық конкурс жариялайды
Бос жұмыс орын туралы ақпарат:
аймақ _Жамбыл_облысы / Шу ауданы\ Бірлікүстем ауылы
Жұмыс орны «Домалақ ене атындағы орта мектебі» КММ
Пошталық мекенжайы: индекс _081109
Ж.Масатбаев көшесі, 33 А ғимарат.
Байланыс телефоны:8 776 324 7782; 8 775 417 7617 (қабылдау бөлмесі)
Электрондық пошта: domalak.ene@yandex.kz
бос жұмыс орындарының саны 1
Бос лауазымға үміткерлердің құжаттар пакеті: Қажетті құжаттар тізбесі:
1) «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты, педагог – сарапшының, педагог- зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10) Уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
(57 бұйрықтың 16- қосымшасы негізінде)
Сонымен қатар, Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Құжаттар Бірлікүстем ауылы, Масатбаев көшесі № 33 А үй, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Домалақ ене атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қабылдау бөлмесінде және https://hr-nobd.iac.kz/ мекен жайындағы Педагогті жұмысқа қабылдау платформасында қабылданады.

Лауазымға қойылатын талаптар:
«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 121 бұйрығымен бекітілген Лауазымдық міндеттері:
тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;
тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;
тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;
білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;
психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді;
мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);
білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;
кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;
есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;
ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;;
мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;
"Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;
адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде "өзін-өзі тану" пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды;
білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;
білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;
туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;
білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.


Еңбекақы төлеу 1 жүктеме
Жалақы деңгейі: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы «Мемлекеттік ұйымдар Педагогтарінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» № 191 бұйрығына сәйкес есептеледі.
Білім: жоғары
Педагогикалық жұмыс өтілі: 1 жыл
Санатсыз


.

Теги:  бос лауазым

Комментариев нет
Просмотров: 33
Автор: domalakeneshu
Сайт: domalak-ene.shu-bilim.kdt.kz
Добавлено: 25.09.2024 в 14:02