23.09.2024 күні Балқаш қаласы прокуратурасының прокуроры Қуанышбек Аслан Қайратұлы жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу және «Мектептегі бопсалаудың алдын алу» тақырыбында 7-11 сынып оқушыларына дәріс өткізді.
Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 23.09.2024 күні Балқаш қаласы прокуратурасының прокуроры Қуанышбек Аслан Қайратұлы жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу және «Мектептегі бопсалаудың алдын алу» тақырыбында 7-11 сынып оқушыларына дәріс өткізді.
Дәрісте бопсалау дегеніміз не екенін және оның артында қылмыстық жаза тұрғанын түсіндірді. Бопсалау – балаға зорлық не тән жарақатын салу қаупін қосқанда, қысым жасау не мәжбүрлеу арқылы заңсыз ақша мен мүлік талап ету және алу түрінде көрінетін қылмыс екенін айтты. Дәріс соңында мектеп оқушылары Аслан Қайратұлына бірнеше сұрақтар қойып тиесілі жауаптарын алды.
Комментариев нет
Просмотров: 46