Меню KDT

25.09.2024 күні балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру мақсатында «Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі»тақырыбында мектеп ұжымына жиналыс өткізілді.


Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 25.09.2024 күні балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру мақсатында «Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі»тақырыбында мектеп ұжымына жиналыс өткізілді.
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі. Бұл мәселе бізді алаңдатып отыр, себебі оқушылар кейде желідегі түрлі келеңсіз жағдайларға тап болып, тіпті өмірлеріне қауіп төндіретін жағдайларға душар болуы мүмкін. Бұл – отбасы мен мектептің ғана емес бүкіл қоғамның ортақ мәселесі, әрқайсымыздан сақтықты талап етеді. 2024 жылы 15 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылдың 30 шілдедегі №194 бұйрығымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бекітілді. Қазіргі уақытта бағдарлама барлық білім беру ұйымдарында іске асырылуда. Педагогтердің негізгі міндеттерінің бірі – өз үлгісін көрсете отырып, оқушылардың дұрыс мінез-құлқын қалыптастыру, олардың құндылықтары мен нормаларын дамытуға көмектесу үшін қауіпсіз және қолдаушы орта құру.Сонымен қатар құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ету үшін қоғам қайраткерлерін, ата-аналарды шақыру ұсынылады.Сондай-ақ әлеуметтік белсенділік пен волонтерлік қызметті дамыту мақсатында түрлі жобалар әзірлеп, іске асыру арқылы оқушыларда жауапкершілік, азаматтық белсенділік сияқты қасиеттерді қалыптастыруға баса назар аудару қажеттігі баса айтылды. Балалардың қауіпсіздігін күшейту үшін «Заң және тәртіп құндылығына сәйкес алдын алу шаралары мен әлеуметтік жобалар жоспарланып, іске асырылуда: Олар: «Буллингсіз әлем»,«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам», Буллингтен қорған», «Қауіпсіз қоғам», «Қоғамдық мүлікті қорға», «Өмірге салауатты қадам» Біз «Біртұтас тәрбие» бағдарламаларын, әсіресе, балалардың қауіпсіздігіне бағытталған әлеуметтік жобалар мен тәжірибелерді сапалы іске асыруымыз қажет. Бағдарлама шеңберіндегі маңызды іс-шараның бірі – қауіпсіздік сабақтарын енгізу.Әр сынып сағаты аясында 10 минуттық «Қауіпсіздік сабағы» өткізіледі. Ол – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлық ережелерін және т.б. оқытуды қамтиды. Біз берген білім мен тәрбие – балалар болашағының табысты болуының кілті. Біз атқарып жатқан ынталы жұмысымыздың нәтижелері балалардың үйлесімді әрі қауіпсіз дамуына берік негіз бола алады. 


Комментариев нет
Просмотров: 38
Автор: b5karaganda
Сайт: balh-sch5.edu.kz
Добавлено: 25.09.2024 в 17:06