Меню KDT

"Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі"

Жамбыл облысы Шу ауданы Домалақ ене атындағы орта мектебінде 27 қыркүйек күні "Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі" тақырыбында мектеп педагогтерімен және ата-аналармен жиналыс өткізілді. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі-оқушылардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі. Оқушылар кейде желідегі түрлі келеңсіз жағдайларға тап болып, өмірлеріне қауіп төндіретін жағдайларға душар болуы мүмкін екені сондай-ақ біз педагогтар мен ата-аналар оқушыларымызды әлеуметтік желілердің теріс әсерінен қорғау, қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасау үшін бірге жауапты екеніміз туралы баса айтылды. Бұл біздің ортақ мақсатымыз. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Уатаева Айсауле, мектеп психологы Мурзабекова Мадина , мектеп инспекторы Тойбаев Азамат бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету қоғамдағы өзекті мәселелерінің бірі екендігін атай келе түсіндірме жұмыстарын жүргізді, бейнероликтер көрсетті. Баланың қауіпсіздігіне ең алдымен ата-ана жауапты. Ата-аналарға арналған жаднама таратылды. Ата-ана балаға дұрыс пен бұрысты, желідегі қауіп, буллинг, кибербуллинг пен қауіпсіздік жайлы ескертуі тиіс. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі оқушылардың мектептегі қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Психологиялық қауіпсіздік — білім беру процесінің маңызды бөлігі. Балалар тек физикалық тұрғыдан ғана емес, психологиялық тұрғыдан да қауіпсіздікті сезінуі керек.
#Біртұтас_тәрбие


.


Комментариев нет
Просмотров: 27
Автор: domalakeneshu
Сайт: domalak-ene.shu-bilim.kdt.kz
Добавлено: 27.09.2024 в 16:29