Оқушылар арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу.
Мектебімізде 8 «В» сынып оқушыларымен 24 қыркүйекте “Оқушылар арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу” тақырыбында әлеуметтік педагогтер, мектеп психологі бірлесіп түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.
Мақсаты: Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу. Оқушылардың буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату. Түсіндірме жұмысы барысында оқушыларға бейнероликтер мен слайдтар көрсетіліп, сұрақтар берілді. “Миға шабуыл” әдісі арқылы оқушылардың көзқарастарын біліп, ойға шақырылды.
Комментариев нет
Просмотров: 14