Меню KDT

Педагогтер конкурсы

Астана қаласы әкімдігінің «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі» МКҚК

Педагогтерді лауазымға тағайындау конкурсы


Астана қаласы әкімдігінің «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі» МКҚК

Педагогтерді лауазымға тағайындау конкурсы

 

Астана қаласы                                                  2024 жыл 17 қыркүйек

 

  1. Орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы (сағаты) бар білім беру ұйымының атауы: Астана қаласы әкімдігінің «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Абай даңғылы 74/1 ғимараты, байланыс телефоны: 8(7172) 52 00 37. Конкурсқа құжаттарды қабылдау поштасы: ski-kz@yandex.ru
  2. Бос және уақытша бос лауазымның атауы:
  • Сүйемелдеуші – 3 бірлік, 9 сағат
  • Вокал сыныбының педагогы – 3 бірлік, 9 сағат
  • Домбыра сыныбының педагогы – 4 бірлік, 9 сағат
  • Фортепиано сыныбының педагогы – 3 бірлік, 9 сағат
  • Музыкалық теория және сольфеджио сыныбының педагогы – 3 бірлік, 9 сағат
  • Хореограф – 2 бірлік, 9 сағат
  • Гитара сыныбының педагогы – 1 бірлік, 9 сағат
  • Дәстүрлі ән сыныбының педагогы – 1 бірлік, 9 сағат
  • Театр бөлімінің педагогы – 2 бірлік, 9 сағат
  • Көркем өнер сыныбының педагогы – 2 бірлік, 9 сағат

 

Еңбекке ақы төлеу мөлшері (педагогикалық еңбек өтілімі, білімі, санаты бойынша) 85 000 – 90 000 теңге.

  • Функционалдық міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнінің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
  • Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
  • Бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
  • Журналдарды (қағаз немесе электрондық) толтырады;
  • Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
  • Интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
  • Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің отырыстарына қатысады;
  • Кәсіби құзыреттілікті арттырады;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларын сақтайды;
  • Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді
  • Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады
  1. Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық немесе музыкалық тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім туралы құжат.
  2. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 17-26 қыркүйек аралығында сағат 10.00 ден 17.00 дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00.
  3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» (бұдан әрі-Қағидалар) 154-тармағына сәйкес келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

11) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Қағидалардың 156-тармағына сәйкес «Осы Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.».
6. Қағидалардың 155-тармағына сәйкес конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Ескерту: Қағидалардың 170-тармағына сәйкес кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссия шешімімен таныса алады.

 

 


Комментариев нет
Просмотров: 28
Автор: daniil.slychenyuk
Сайт: artschool.kdt.kz
Добавлено: 02.10.2024 в 13:25