Бірыңғай ашық есік күні
#проект943
МАД мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімдері үшін сабақтастық бойынша бірыңғай ашық есік күні - бұл балабақшалар мен мектептер арасындағы білім беру үдерісіндегі сабақтастық мәселелерін бөлісу және талқылау мақсатында ұйымдастырылатын іс-шара. 2024 жылғы 24 қыркүйекте «№ 2 Новоишим орта мектебі» КММ-де бірыңғай ашық есік күні өтті.Мектеп «Айгөлек» және «Ақбота» балабақшаларының қонақтарын қарсы алды. Тәрбиешілер балаларды келесі білім беру кезеңіне көшуге жақсы дайындау үшін бастауыш мектепте оқытудың ерекшеліктерімен танысты. Мектеп педагогтері, МББ тәрбиешілері мен әдіскерлері балалардың балабақшадан мектепке үйлесімді ауысуы, оның ішінде психологиялық бейімделу мәселелерін талқылады.
Комментариев нет
Просмотров: 38