«Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды» бірыңғай ашық есік күні.
«Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды» атты тақырыпта бірыңғай ашық есік күні өткізілді. Мақсаты – ата- ана тарпынан болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуы, саналы ұрпақ болып өсуі, дұрыс білім алып жетілуі, өмірде өз орнын табуы үшін көмек беру. Ашық есік күнін акт залында мектеп директорының орынбасары Г.Төлеген іс-шараның жоспарымен таныстырып өтті және жұптық тапсырма арқылы тақырыпты ашты. Жоспарға сәйкес ата-аналар 5 алаңға бөлінді. Әр топты топ басшылар бастап жүрді.«Психологиялық ахуал-ізгілік, өзара қарым –қатынас негізі» тақырыбында Н.Қайырханқызы жылдық жоспарымен таныстырды. Ата-анларға тренинг өткізіп, ата-аналар өздерін мазалап жүрген сұрақтарына жауап берді. ВИДЕО КӨРУ
Комментариев нет
Просмотров: 11