Меню KDT

“Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі!”

Шу ауданы білім бөлімінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі №02-03/2204 хатына сәйкес Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінде “Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі!” тақырыбында жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы өткізілді.


Шу ауданы білім бөлімінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі №02-03/2204 хатына сәйкес Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінде “Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі!” тақырыбында жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. 2024-2025 оқу жылының басталуы
2. Мектептің ішкі тәртіп ережесі (мектеп формасы, оқушы қауіпсіздігі)
3. “Біртұтас тәрбие бағдарламасы”
4. “Мектепке жол акциясы”
5. 2024-2025 оқу жылындағы бір мезгіл ыстық тамақ
6. Буллинг, кибербуллингтің алдын алу.
Мектеп директоры Байгисиева Айжан Әділханқызы,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абайханова М.С,Шу АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Аденов Д.К, Копжасар Ж.Д. қатысты.
Жиналыс барысында бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда болуы ескертіліп, сондай-ақ күн тәртібіндегі мәселелер туралы айтылды.
Мектеп бойынша балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және күшейту мақсатында 2024-2025 оқу жылы басынан бері сынып сағаттары аясында қауіпсіздік сабақтары жүргізілуде.
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі. Оқушылар Интернеттегі қауіпті онлайн ойындардан баланы қалай қорғауға болатынын, қандай әрекеттер жасау керектігі бойынша мәліметтер берілді.
Әрбір ата-анаға балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты орында екендігі айтылды.
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#birtutas_tarbie
#Біртұтас_тәрбие
#Біртұтас_тәрбие_жамбыл
   


Комментариев нет
Просмотров: 14
Автор: schashimbaevashu
Сайт: ashimbaev.shu-bilim.kdt.kz
Добавлено: 27.09.2024 в 10:31