Меню KDT

2024 жылдың қазан айының 1-4 күндері аралығында Алматыда халықаралық Қазақстан архившілерінің II Конгресі өтті.


   2024 жылдың қазан айының 1-4 күндері аралығында   Алматыда «Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» атты тақырыпта халықаралық басқа ұлт өкілдер   қатысумен Қазақстан архившілерінің  II Конгресі өтті, оған әлемнің 20 елінің мамандары қатысты.
  Бұл маңызды оқиға Қазақстан архивтерінің директорларын, шет елдердің архив саласындағы жетекші мамандарын бір ортаға жинады. Конгресс архивтік құжаттарды сақтау және пайдалану саласында тәжірибе алмасудың маңызды платформасына айналды.
    Конгресс бағдарламасында-шетелдік қонақтармен екіжақты кездесулер, өзгермелі климат жағдайында архив құжаттарына төнген қауіп-қатерлермен байланысты сын-қатерлерді еңсеру тақырыбына арналған пленарлық отырыс; "Мұра институттары және қоғамның тарихи жадын қалыптастыру" дөңгелек үстелі; "Архивтерді институттандыру және тиімді басқару" форсайт-сессиясы; "Архившілерді  кәсіптік оқыту және дамыту" сөз таластыру-сессиясы  және басқа да іс-шаралар өткізілді.
   Конгресс қатысушылары ұлттық мұраны насихаттау мен сақтаудың маңыздылығы архивтерде сақталатын құжаттар болып табылатынын, оларды цифрландыру жағдайында пайдалануды күшейтуді атап өтті.
  Конгресс жұмысына Абай облысы мемлекеттік архивінің директоры Б.Т. Мусин қатысып, ол архив ісін басқаруды ұйымдастыру, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды цифрландыру, білікті архивші мамандарды даярлау саласындағы озық халықаралық тәжірибемен алмасу мақсатында осы іс-шараның айрықша маңызын атап өтті.

   


Комментариев нет
Просмотров: 5
Автор: abaioblarhiv
Сайт: abaioblarhiv.kdt.kz
Добавлено: 08.10.2024 в 16:10