№17 мектепте Өзін-өзі басқару күні
04.10.2024ж. Мұғалімдер күніне орай мектебімізде дәстүрлі өзін-өзі басқару күні – оқушылар күні өтті. 5-11 сынып оқушылары пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігі үшін қосалқы мұғалім рөлінде өздерін сынап көрді. Сабақтар бастауыш, орта және жоғары сыныптарда өткізілді. Бұл іс-шара оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді, олардың интеллектуалдық, коммуникативті, ұйымдастырушылық және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді, еңбекке және ұстаздық кәсіпке құрметпен қарауға тәрбиелейді.
Комментариев нет
Просмотров: 49