АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2 октября Генеральный директор ТОО «КАЭС» Тимур Жантикин встретился с директором и коммерческим атташе южнокорейской правительственной организации «KOTRA» г-ном Ким Джунг-хун
2 қазанда «ҚАЭС» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин Оңтүстік Кореяның «KOTRA» мемлекеттік ұйымының директоры және коммерциялық атташе Ким Джун Хун мырзамен кездесті. Тараптар атом энергетикасы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Кездесу барысында Ким Джун Хун мырза атқарылып жатқан жұмыстар мен ағымдағы жоспарлар туралы айтып, атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін мәлімдеді. Анықтама: KOTRA — Оңтүстік Корея үкіметі қаржыландыратын сауда және инвестицияларды ынталандыру ұйымы. Ұйым 1962 жылы құрылған. Оның 84 елде, соның ішінде Алматыда 129 өкілдігі бар.