Меню KDT

«Нашақорлықтың алдын алу, есірткіге қарсы күрес» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.


Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 08.10.2024 күні 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Нашақорлықтың алдын алу, есірткіге қарсы күрес» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. «Нашақорлықтың алдын алу, есірткіге қарсы күрес»
2.Балалардың қауіпсіздігін бақылау туралы алгоритммен таныстыру («Бала құқықтары туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Жол қозғалысы туралы» т.б
3.Әр түрлі мәселелер.
"Нашақорлықтың алдын алу, есірткіге қарсы күрес" тақырыбында ата-аналар қауымдастығымен бірлесе отырып, Балқаш қаласы ПБ ЖПҚБ ҚЮП полиция капитаны Қоразбаева Нурлыжан Айтмагамбетович, полиция лейтенанты Жанатқызы Камила Аға лейтенант Криминалдық полиция қызметкері Есиркепов Куаныш Батырбекович ата-аналармен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында жастар арасында нашақорлыққа жол берілмеу керек екендігі түсіндіріліп, алдын алу, сақтандыру шаралары жайында әңгіме қозғады. Бүгінгі күні нашақорлық - бір адамның ғана басындағы емес, бүкіл қоғамның қасіреті болып отыр. Адамдар салауатты, дені сау, қоғамымыз өркениетті болуы үшін, нашақорлыққа қарсы күресу-әр азаматтың міндеті екенідігі жайлы айтылып,ата-аналарды балаларды тасымалдауды ұйымдастыру туралы алгоритммен таныстырып,«Бала құқықтары туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Жол қозғалысы туралы» ақпараттар берілді. Жиналыс соңында ПБ ЖПҚБ ҚЮП полиция қызметкерлеріне сұрақтар қойылды.


Комментариев нет
Просмотров: 34
Автор: b5karaganda
Сайт: balh-sch5.edu.kz
Добавлено: 09.10.2024 в 16:42