Меню KDT

⚜⚜Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі


⚜⚜Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы » жобасын іске асыруда "өнегелі 15минут" ұлттық құндылықтарды дәріптеу мектебімізде ұлттық болмыс, оны дәріптеу отбасынан, ошақ қасынан басталатыны жайында сөз қозғамақ.Үлкенді сыйлауға, ана тілін ардақтауға, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиеленсек, ұшқанда да соны іліп, жүрген жерімізде сол құндылықтарды дәріптейміз. Соның ішінде қыз тәрбиесіне көңіл бөлу керектігін ұмытпайық! Себебі қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі.
⚜«Қыздарға әсемдік жарасады» демекші қыз баланы әдеміліктің, әдептіліктің, жан – жақты сұлулықтың жаршысы екенін сөз етпекпіз. Халқымызда қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, жан – жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады.
⚜Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын⚜
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын⚜ дегендей ұлағаты мол тәрбиелік өлең жолдары бұл қыздардың әдепті, көрікті болғанын аңғартады.Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігінен, нәзіктілігінен,икемді, әр іске талапты да алғырлығынан, өнер – білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер болса керек. Халқымыз қыз баланы ардақтап ұстайды, оған қатты сөз айтпай, мәпелеп өсіреді. Осындай отбасы тәрбиесін алған нәзіктілік пен сұлулықтың нышанын, ұлттық болмыс, ұлттық киім, ұлт тәрбиесін таныта білген мектебіміздің оқушылары 5 «А» сынып оқушысы Дәулетбек Кәусәр, 4"В"сынып оқушысы Елемесова Айлин сынды қыздарымыздың әдемі бейне көрінісі үлгі болмақ.
#біртұтас_тәрбие_атырау
#kurmtarbie2024
#kurm_біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие


Комментариев нет
Просмотров: 31
Автор: daniil.slychenyuk
Сайт: lomonosova-sh.edu.kz
Добавлено: 14.10.2024 в 11:03