Меню KDT

⚜“Еңбек күні” Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2013 жылғы қарашада жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету дәстүрлерін жаңғырту және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіну мақсатында бекітілді.


⚜“Еңбек күні” Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2013 жылғы қарашада жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету дәстүрлерін жаңғырту және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіну мақсатында бекітілді.
Бұл күнді мерекелеудің негізгі мақсаты өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау және Президенттің Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру жөніндегі идеясы шеңберінде жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылады.
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы"аясында"Еңбек күніне" арнап барлық сыныпта тәрбиелік шаралар өтуде. "Қалдырған ізің мәңгілік», «Еңбегің – өшпес ізің» атты тақырыптармен тәрбик шаралары өтті. Іс-шаралар барысында белсенді оқушылар еңбек туралы мақал-мәтелдермен жұмбақтар жасырып, қызықты сұрақтар қойып, ұтымды жауаптар да алды.
Бастауыш сынып оқушыларымен «Мамандық әлеміне саяхат» "бала тілі-бал"ойыны өткізілді.
Мектеп кітапханасында «Мамандықтар әлемінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Жас оқырмандарға сан алуан мамандықтар туралы айтылды.
5-7 сыныптарда Танымдық викторина өткізіп
«Өз ісінің шебері». Балалар таңдаған мамандықтарынан бейнероликтер көрсетілімі болды.
⚜Әрқашан өз бетіңізбен жұмыс жасаңыз, сонда кез келген арман шындыққа айналады.
#біртұтас_тәрбие
#Адал_еңбек
#kurmtarbie2024






Комментариев нет
Просмотров: 31
Автор: daniil.slychenyuk
Сайт: lomonosova-sh.edu.kz
Добавлено: 14.10.2024 в 11:04