Шынның жүзі – Шераға
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде қазан айында Қазақстан Республикасының халық жазушысы ,қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына – 92 жыл «Шынның жүзі – Шераға» тақырыбында конференция - сабақ болып өтті. Конференцияның мақсаты:жас ұрпаққа жазушының өмірі мен шығармалары, қайраткерлігі жайында – қазақ халқының ашаршылық жылдарындағы қайғылы кезеңдері мен тарихи бастан кешкен қасіретін танытып, оқушылардың өз бетімен ізденіп оқу шығармашылық дағдыларын қалыптастыра отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ой ұшқырлығын, тіл ұстану қабілеттерін дамыту.
Конфернция-сабақтың ашылу салтанатында мектеп директоры Сихимова Алтынкүл Мадиомарқызы мен директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Жексенбаева Баян Ниятуллақызы «Тәрбие басы-тал бесік», «Кітап-дос, ақылшы ұстаз» тақырыптарында баяндама оқыды. Аталған конференцияны қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Шаңғарақбаева Жанат Сейдалымқызы жүргізді.
Конференция үш бөлімнен тұрады.Мектеп оқушылары Шерағаның өмірі мен шығармаларынан, яғни «Бір кем дүние» ой толғауынан:«Ойлан,қазақ!», «Намыс қайда?», «Баукең солақай емес»,«Құмырсқа ғұмыр», «Кітап қасиеті» , «Жалғыз бала уайымы», «Қымыз», «Мектеп қартаймайды», «Келіншек тау», «Имансыз болма» , «41-жылғы келіншек» әңгімесінен үзіндіні жатқа айтса, «Ай мен Айша» романынан: «Жолашар», «Сандуғаш сандық», «Ай шуақ күндер», «Қырғыз ата», «Айша о дүниелік балаларын уайымдайды», «Жілігімді жағайын», «Мұсылмандық белгісі» шығармаларын әңгімелеп берді.
Іс шараға ардагер ұстаз, ұстаздардың ұстазы Смағұлова Шамшат Байбосынқызы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының Жастар саясаты және тәрбие жұмыстары басқармасының басшысы, PhD докторант, Бауыржантанушы Бекназаров Бақтияр Арманұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің PhD докторанты, Шерхантанушы Кембаева Айнұр Тұрарқызы, Шерхан грантының иегерлері Үкібай Нұржамал, Қуантай Диана, магниттік мектептердің мұғалімдері мен оқушылары қатысып, соңында аталған институттың ұстаздары Шераға жайындағы естеліктерден сыр шертіп, «Жас Шерханушы» шәкірттерімізге өздерінің жүрекжарды тілектерін айтып, мектеп кітапханасына жазушы қаламынан туған кітаптарды сыйға тартты.
Комментариев нет
Просмотров: 28