Меню KDT

Домалақ ене атындағы орта мектебінде "11 қазан - Халықаралық қыздар күні" мерекесіне орай " Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі" тақырыбында 8-11 сынып оқушы қыздарымен кездесу өткізілді.

Домалақ ене атындағы орта мектебінде "11 қазан - Халықаралық қыздар күні" мерекесіне орай " Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі" тақырыбында 8-11 сынып оқушы қыздарымен кездесу өткізілді. Мақсаты: Қыздарда кездесетін мәселелерді шешу жолдарын табу, сондай - ақ олардың құқықтарын қорғау мен мүмкіндіктерін кеңейту. Кездесуде мектеп медбикесі А.Жаныкулова қыздардың жеке басының гигиенасы, жасөспірімдердің жетілуі барысында кездесетін өзгерістерді, жүктіліктің алдын алу бойынша баяндама оқып, ауылдық амбулаторияның психологы қыздарға кеңестер жүргізді. Мектеп психологы М.Р.Мурзабекова қыздарға психологиялық кеңестер мен презентация, видеороликтер көрсетіп, ситуациялық сұрақтар қойылып, пікірталас жүргізді.
Видеороликте бүгінгі қоғамда қазақ қызының ролі қандай екені жайлы баяндалады. Қыз балаға көп күтім һәм қамқорлық қажет. Алдымен міндетті түрде таңғы, түскі және кешкі асты уақытымен ішіп, дұрыс тамақтану қажет.Жасөспірім «өтпелі кезеңнің» қиыншылықтарынан, сабақтың көптігінен, т.б. толып жатқан мәселелерден не толысып, не қатты арықтап кетеді. Ол өз жасының не балаға жататынын, не ересектерге жататынын түсінбей қиналады. Осындай кезде көптеген жастар моральдық қиындықтарды көтере алмай, ішкі ағзаға салмақ түсіріп, омыртқасын қисайтып алады. Үлкендерден жасырынып, темекі тартып, ішімдіктің де дәмін татып көреді. Кейбіреулер бұны ересек болып көріну үшін, не үлкендерге қыр көрсету үшін істейді. Алайда кейін қоя алмай, зиянды әдетке тәуелді болып қалады.
Бұл кезеңде бойдағы энергияны пайдалы істерге: сабақ оқуға, дәмді тамақтар әзірлеуге, болашақ мамандығы туралы тереңірек білуге, шет тілін үйренуге жұмсағаны абзал.
 
 


.

Теги:  Халықаралық қыздар күн

Комментариев нет
Просмотров: 16
Автор: domalakeneshu
Сайт: domalak-ene.shu-bilim.kdt.kz
Добавлено: 11.10.2024 в 17:38