Меню KDT

Ыстық тамақты ұйымдастыру туралы

Ыстық тамақ туралы


Әлеуметтік көмекті қажет ететін, тегін ыстық тамақпен қамтылатын білім алушыларды анықтау,
құжаттардың жинақталуы тізімін бекіту туралы анықтама

Мерзімі: тамыз айы 2024жыл

Мақсаты: «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек алуға құқылы отбасыларды анықтау.
         Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрінің 2023 жылғы 12сәуірдегі №95 бұйрығы, ҚР-сы Үкіметінің 2017жылғы 07ақпандағы №6 хаттамалық тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу  ауданының білім бөлімінің «Жалпы  білім беретін мектептердегі білім алушыларды бір мезгіл тегін ыстық және жеңілдетілген тамақпен қамту туралы» 2024 жылдың 10 қыркүйек №586 бұйрығына сәйкес 2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап С.Шәкіров атындағы орта білім беретін мектебінде 2024-2025 оқу жылына бекітілген бастауыш 1-4 сынып оқушыларын, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және  жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар  мен тәрбиеленушілерге бекітілген бюджет көлемінде бір мезгіл тегін тамақтандырумен қамтамасыз етілуі қарастырылды. Білім беру ұйымының алқалы басқару органы (№1педагогикалық кеңес) айқындаған 39 (отыз тоғыз) білім алушы және 1-4 сыныптарда -145оқушы, жалпы-184 оқушы II ауысымда тегін ыстық тамақпен қамтылады деген ойдамыз.
         Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023жылғы 4 сәуірдегі №58бұйрығына сәйкес ұйымдастыру шарасы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 17 ақпандағы №16 қаулысына сәйкес үйлестіріліп, кезекшілік кестесі ілінді. Асханада еден жууға арналған санитариялық дезинфекциялық құралдар және қол жуу ережелері қатаң сақталған. Оқушылардың тамақтанатын кезіндегі ара 1,5-2метр қашықтығы сақталынған. Сонымен қатар асхананы кварцтау, дымқыл тазалау, желдету кестесі құрылды. Асханада бейне бақылау камералары орнатылған. Ыдыс-аяқ жетіспейтін асхана жабдықтары түгелденіп, газ плиталарының жай-күйі тексеруден өткізілді. Мектеп медбикесі асхана қызметкерлерінің жұқпалы-іріңді ауруларға шалдықпағанын және асхананың балаларды тамақтандыруға дайындығын толықтай тексеруден өткізу жоспарланған. Аталған аудандық білім бөлімінің 10 қыркүйек 2024 жылғы №586 бұйрығы негізінде және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, бракераж комиссиясының бұйрығы мен жоспары жасалып, бекітеледі. Асхананың жұмыс кестесі, мектеп әкімшілігі мен ұстаздар тарапынан бекітілген кезекшілік кестесі, асхананың тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатынан 45 баладан аспайтын мөлшерде жүзеге асыралады деген талапты сақтау мақсатында жасалған  I-ауысымда және II- ауысымда тамақтанатын білім алушылардың тізімі мен саны нақтылануда.
Бүгінгі тамақтануды ұйымдастыру іс-шарасында білім алушылар сынып жетекшілерінің бақылауымен кестеде көрсетілген мерзімге сай жеке гигиеналық, санитарлық талаптарды сақтай отырып, яғни, асханада тамақтану залында қол жууға арналған 6 қолжуғыштар, сонымен қатар үстелдерді, орындықтарды және өзге де мүкәммалды орналастыруда үстелдер арасындағы қашықтықты сақтау талабы да қатаң сақталады.
Дайындалған ас мәзірі мектептің медициналық қызметкері А.Адильбаева тарапынан тексеріліп бракераж журналына жазылып отыр. Әр аптаның жұма күні тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамымен асхана жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы, дайындалған тағамдардың сапасы, сақтау мерзімдері, жалпы тамақтандыру жұмысында санитарлық талаптардың сақталуы тексеріліп, арнай тіркеу журналына тексеріс қорытындысы жазылады.
Барлық кезекшілер мен сыныптар бойынша білім алушылардың тізімі  мектеп асханасында «Асхана бұрышы» стендіне ілініп, асханада «Дұрыс тамақтану» стенді орналасқан, онда мектептің медициналық қызметкерлері жариялаған дұрыс және тиімді тамақтану туралы түрлі кеңестер мен ақпараттар ілінеді.
         Қорытынды:
Жалпы 388 оқушы санынан 1-4 сыныптар 145 оқушы, 39 көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан балалар, қалған 204 білім алушы бүгінгі күні мектеп  асханасында ата-ана есебінен ақылы тамақтанады деп жоспарданып отыр.  Білім алушыларды мектеп асханасында тамақтандыру жұмысы алдағы уақытта мектеп әкімшілігі, мектептің қамқоршылар кеңесі және ата-аналар комитеті мүшелері тарапынан үздіксіз қадағаланады.
Ұсыныс:
ЖК «Аслан-2013» қажетті ыдыс аяқтар мен жетіспейтін орындықтар, судың маторын іске қосуға  сұраныс беруді ұсынамын.
 
 Дайындаған: Әлеуметтік педагог: Егешев К.М.


Комментариев нет
Просмотров: 46
Автор: zhambylshakirov
Сайт: shakirov.kdt.kz
Добавлено: 12.09.2024 в 16:15