Ұлттық құндылықтар
Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттарының бірі. Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, діні, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Ұлтымыздың құндылығын дәріптей отырып, қайта жаңғырту мақсатында,
М.Жұмабаев атындағы № 65 мектеп-гимназиясы, әр аптаның бесінші күнін “Ұлттық құндылықтар күні” ретінде жариялап оқу жылының алғашқы жобасын бастады. Аталған жобаға ұстаздар мен оқушылар ерекше атсалысу үстінде. Мәселен, мұғалімдер қазақи нақыштағы киімдерін киіп, түрлі әшекей-бұйымдарын тағып, ал оқушылар әр қоңырау кезінде мектептің дәлізіндегі орналасқан ұлттық ойындарды, соның ішінде “асық”, “бес тас”, “тоғыз құмалақ” сынды ойындарды жарыса ойнау үстінде.