«5 сынып оқушыларын негізгі мектепте оқуға бейімделуі»
2024 жылғы 15 қазанда «№2 Новоишим орта мектебі» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Г.О.Бекиш және А.Д.Ромазанова 5 сынып оқушыларының сынып жетекшілері және негізгі пән мұғалімдерінің қатысуымен әдістемелік кеңес өткізді.Мектепішілік бақылау жоспары бойынша күн тәртібіндегі «5 сынып оқушыларын негізгі мектепте оқуға бейімделуі» талқыланды. Оқушылардың бастауыш мектептен орта мектепке ауысуы педагогикалық тұрғыдан ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады, ал 5-сыныптағы бейімделу кезеңі мектептегі ең қиын кезеңдердің бірі болып табылады.. Бұл тек мектеп оқушылары үшін ғана емес, мұғалімдер үшін де ерекше сынақ. Оларды оқытудың тәсілдері осы жас кезеңіне сәйкес құрылуы керек. 5-сыныптың пән мұғалімдері ақпараттың әр бөлігі бойынша өз сұрақтарына жауап алды.
Комментариев нет
Просмотров: 42