«Адалдық сағаты»
30-қыркүйек мектебіміздің әр сыныбында «Адалдық сағаты» өтті. Оқушылар мысалдар келтіре отыра адам мен қоғамның өміріндегі адалдықтың маңыздылығы және достық пен өзара түсіністіктің өзектілігі туралы айтты.
30-қыркүйек мектебіміздің әр сыныбында «Адалдық сағаты» өтті. Оқушылар мысалдар келтіре отыра адам мен қоғамның өміріндегі адалдықтың маңыздылығы және достық пен өзара түсіністіктің өзектілігі туралы айтты. Сонымен қатар, іс-әрекеттер мен олардың басқа адамдарға тигізетін әсерін белсенді түрде талқылады. Неліктен адал болу маңызды? - сұрағына әңгіме барысында дұрыс жауап берді.
Біртұтас сынып сағатының нәтижесі АДАЛДЫҚ қоғамдағы адамдар арасындағы қарым – қатынасының негізі екенін терең түсіну болды. Қарым-қатынасты нығайтатын, сенімді ететін, сонымен қатар ішкі шиеленістер мен қақтығыстарды болдырмайтын адалдық әрекеттер екенін оқушылар білді.
Комментариев нет
Просмотров: 33