Меню KDT

Интернеттегі балалардың қауіпсіздігі


2024 жылдың 15 қазанында «21 орта мектеп» КММ-де ZOOM платформасында «Интернеттегі балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.  Кездесуде Психикалық денсаулық орталығының маманы, психолог Ирина Ивановна Якимова сөз сөйлеп, бұл мәселенің өзектілігін айтып, ғаламторда қандай қауіп төніп тұрғанын айтып, ата-аналарға балаларын алаяқтардың айла-шарғысынан қалай қорғауға болатынын айтып берді. Сондай-ақ жиында полиция капитаны Мұқанова Динара Ерсайынқызы сөз сөйледі. Ол ата-аналарға балаларының өмірі, денсаулығы мен әл-ауқатына, сондай-ақ интернетте өткізетін уақытына жауапкершіліктерін еске салды.




Комментариев нет
Просмотров: 29
Автор: b1418skobilim
Сайт: school21sko.edu.kz
Добавлено: 16.10.2024 в 10:34