Жыл сайын өтетін дәстүрлі "Мектеп президентін" сайлау науқаны да өз мәресіне жетті.Сайлауға 222 оқушы қатысты.Оқушылар асқан жауапкершілік танытып,бірде -бір оқушы сайлаудан тыс қалған жоқ, яғни 100% пайыз қатысты.Бұл-оқушылардың мектеп өміріне бей-жай қарамай,қызығушылық танытатынының бірден -бір куәсі еді.Сайлау қорытындысын шығаруда ата-аналар комитетінің төрайымы,өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері және аға тәлімгер қатысты. Үміткерлер Комис Жасұлан Дәлелханұлы мен Еслямбек Марлен Айбынұлының екеуі де мықты қарсыластар еді.117 дауыс басымдықпен Еслямбек Марлен Айбынұлы мектеп президенті болып сайланды. 98 дауыс жинаған Комис Жасұлан Дәлелханұлы Ұланбасы болып тағайындалды. 7 бюллетень жарамсыз деп танылды.Мектеп президенті мен Ұланбасы өз бағдарламаларында атап өткендей өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандырып,мектеп өміріне тың өзгерістер әкеледі деп сенеміз.Сәттілік!
Комментариев нет
Просмотров: 34