Меню KDT

Ағымдағы жылдың 18 қазанында «Әдістемелік орталық» КММ Шал ақын ауданының білім бөлімімен бірлесіп “Біртұтас тәрбие: сапалы білім берудегі маңызды қадам” тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырды.


⚜️Ағымдағы жылдың 18 қазанында «Әдістемелік орталық» КММ Шал ақын ауданының білім бөлімімен бірлесіп “Біртұтас тәрбие: сапалы білім берудегі маңызды қадам” тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырды. Семинарға 75-тен астам мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары, пән мұғалімдері, тәрбие ісінің меңгерушілері және сынып жетекшілері қатысты. Іс-шара барысында биология, география, қазақ тілі пәндері бойынша ашық сабақтар өткізіліп, сабаққа құндылықтарды енгізу арқылы тәрбие мен білім беруді жан-жақты қарастыру мәселелері талқыланды.
🔖Семинар екі мектептің базасында өтті. Сонымен қатар, “Біртұтас тәрбие” секциясы аясында мектепке дейінгі білім беруде ұлттық құндылықтарды қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Семинар қорытындысында қатысушылар үшін рефлексия жүргізіліп, олар іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісті.


Комментариев нет
Просмотров: 165
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito.edu.kz
Добавлено: 18.10.2024 в 19:14