Атырау облысы мемлекеттік архивінің басшысы болып Балашева Айдана Русланқызы тағайындалды
Балашева Айдана Русланқызы 1992 жылдың 18 сәуірінде Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат поселкесінде дүниеге келді. Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетің «Заңгер» мамандығы бойынша, Алматы қаласындағы Қайнар Академия магистратурасын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2013 жылы Мақат ауданының сотында бастаған. Мақат аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мекемесінде заңгер, басшы қызметін, Облыстық Жастар саясатының Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2016 жылы Мақат аудандық Мәслихат депутаты болып сайланған.
Комментариев нет
Просмотров: 8