Несиелік серіктестіктердің VI форумы: нәтижелері мен тенденциялары
Биылғы жылы Несиелік серіктестіктердің VI форумы 170 қатысушының басын қосты, оның ішінде несиелік серіктестіктердің басшылары, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының, Аграрлық несие корпорациясының өкілдері, сондай-ақ несиелік бюролардан, сақтандыру компаниялардан серіктестер, микроқаржы ұйымдарының тиісті секторларынан, ломбардтар мен коллекторлардан әріптестер, Литвадан келген қонақтар.
Форумның күн тәртібінде — заңнамалық бастамалар, стратегиялық даму мәселелері, несиелеудегі технологиялар және аграрийлерге арналған инновациялық қызметтер кіреді.
Бүгінде Қазақстанда еліміздің 157 аймағында 24 мыңнан астам қатысушыны біріктіретін 206 несие серіктестігі жұмыс істейді.
Негізгі қарыз алушылар — шаруалар мен шағын және орта бизнес өкілдері.
«Несиелік серіктестік — бұл біздің қызмет алушылардың сенімі, жақындығы туралы. Біз тек екінші жағын — технологияны дамытып, күшейтуіміз керек. Бұл үшін бәрімізге жаңа стратегия қажет», — деп атап өтті АӨК Несиелік серіктестіктер қауымдастығының басқарма төрайымы Альмира Сағат.
Форумда қаржыландыру көздерін кеңейту мәселелері де талқыланды. Apex Fund өкілдері apexfund.kz цифрлық платформасы туралы айтты, ол арқылы несиелік серіктестіктер тіркеліп, баламалы қаржыландыру көздерінен қаражат алуға өтініш бере алады.
Несиелік серіктестіктер форумы дәстүрлі түрде мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, сондай-ақ несиелік серіктестіктердің өкілдері саланың өзекті мәселелері мен болашағын талқылайтын пікірталас алаңы болып табылады.
Ақпараттық қолдау көрсеткені үшін Аграрлық несие корпорациясына, сонымен қатар Форум демеушісі Мемлекеттік несие бюросына алғысымызды білдіреміз.
Біздің парақшаларға жазылыңыз. Форумда айтылған ең маңызды тезистер мен қызықты пікірлерді жариялайтын боламыз.