«Мектепке дейінгі жастағы балаларды ерте кәсіптік бағдарлау»
2024 жылғы 22 қазан күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Б.Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжімен өзара әрекеттесу аясында «Мектепке дейінгі жастағы балаларды ерте кәсіптік бағдарлау» атты педагогикалық семинар өткізді.

Спикерлер мектеп жасына дейінгі балалардың болашақта табысты өзін-өзі анықтауында оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылардың өзара әрекеттесуі, ерте кәсіптік бағдар беру мәселелерінде практикада оқушылармен жұмыс істеуге ынталандыру туралы айтты.
Нәтижелі жұмыс аяқталғаннан кейін педагогтер өз әсерлерімен, кәсіби тәжірибелерімен және бақылауларымен белсенді түрде бөлісті. Мәселелерді талқылау іс-шараның барлық қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырды.