ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ- ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ БАЗАЛЫҚ ДАҒДЫСЫ
2024 жылғы 23 қазан күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Семантикалық оқу технологиялары және сабақта стандартты емес оқу мәтіндерімен жұмыс» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті және бастауыш сынып педагогтеріне арналған әдістемелік шеберхана өткізді.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – мәтіннің тұтас және тұтас емес түрлерін талдау кезінде тиімді шешімді қамтамасыз ететін ең нәтижелі, әдістемелік тәсілдерді, педагогикалық іс-қимылдарды ұсыну, білім алушылардың білім сапасын арттыру.
Облыс педагогтері оқу сауаттылығын және оқу мәдениетін арттыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Спикерлер мағыналы оқу технологиясын пайдалану, мәтіннің стандартты емес, күрделі емес түрлерімен жұмыс істеу кезінде сыни ойлау әдістері мен белсенді тәсілдерін қолдану бойынша өздерінің педагогикалық зертханаларын таныстырды.
Семинар соңында кері байланыс орнатылып, әдістемелік-дидактикалық құралдар әзірлеген облыстың шығармашыл педагогтеріне әдістемелік ұсынымдар берілді.