"Мектеп Президентін " сайлау
Жыл сайын өтетін "Мектеп Президентін " сайлау науқаны да өз мәресіне жетті. Сайлауға 36 оқушы, 14 мұғалім қатысты. Оқушылар жауапкершілік танытып, бірде -бір оқушы сайлаудан тыс қалған жоқ, яғни 100% пайыз қатысты. Сайлауға өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері және аға тәлімгер қатысты. Үміткерлер Қоянбек Рашид Мұратұлы мен Дәулетбек Айтуар Саветұлы екеуі де мықты қарсыластар еді. 13 дауыс басымдықпен Дәулетбек Айтуар Саветұлы мектеп президенті болып сайланды.
1 бюллетень жарамсыз болып танылды. Мектеп президенті өз бағдарламасында атап өткендей өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандырып, мектеп өміріне тың өзгерістер әкеледі деп сенеміз! Сәттілік!
Теги:
#біртұтас_тәрбие,
#өзінөзі_басқару
Комментариев нет
Просмотров: 23