Меню KDT

"Менің көшем" бағдарламасы аясында


 2024 жылғы 16 қазанда "Менің көшем" бағдарламасының аясында "Семей" телеарнасы "Абай облысының мемлекеттік архиві" КММ-де болып, көрермендерді Жолдыбай Дастенов атындағы көшенің тарихымен таныстырды.

"АОМА" КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова 1962 жылғы 16 маусымдағы Семей қалалық халық депутаттары Кеңесі атқару комитеті отырысының №9 хаттамасында: "Қазіргі уақытта Пугачев көшесінің бір бөлігі жаңадан салынған кварталдармен қоршалған, көшенің қалған бөлігі Шугаев көшесімен Қазақстанның 40 жылдығы арасындағы Пугачев көшесі деп аталғаны жайлы айтып берді. Көше 1993 жылға дейін осылай аталды.
1993 жылғы 12 мамырда қала әкімшілігінің басшысы ономастикалық комиссияның шешіміне қарап, Пугачев көшесін - біздің жерлесіміз, композитор, Қазақстанның Лениндік комсомолы сыйлығының лауреаты, Қазақ телевизиясының музыкалық бағдарламаларының бас редакторы, Қазақстан Композиторлар одағы Ертіс өңірі ұйымының төрағасы, Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының хатшысы Жолдыбай Дастенов атындағы көше деп қайта атау туралы шешімімен келісті.


Комментариев нет
Просмотров: 4
Автор: abaioblarhiv
Сайт: abaioblarhiv.kdt.kz
Добавлено: 28.10.2024 в 17:48