"Бала қауіпсіздігі- қоғам келешегі"
🗒️17.10.2024 ж.күні "№1ЖББМ" КММ білім беру ұйымында ата-аналар мен педагогикалық ұжымның қатысуымен "Бала қауіпсіздігі- қоғам келешегі" тақырыбында офлайн форматта жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
🗒️17.10.2024 ж.күні "№1ЖББМ" КММ білім беру ұйымында ата-аналар мен педагогикалық ұжымның қатысуымен "Бала қауіпсіздігі- қоғам келешегі" тақырыбында офлайн форматта жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа Қарақия аудандық прокуратурасының прокуроры Өтебай Алпамыс Бақтыкерейұлы,Қарақия АПБ ЖПҚб ЮПТ КТіЖ УПИ полиция аға лейтенанты Т.Бермағамбетов, Қарақия АПБ ЖПҚб ЮПТ КТіЖ аға УПИ полиция майоры Н.Кошкинбаев қатысты.
Ата-аналарға буллингтің түрлері, интернеттегі алаяқтың, қауіпті ойындар және отбасындағы тәрбиеге қатысты бейнематериал көрсетілді.
Жиналыс барысында көтерілген мәселелер:
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі
-оқушылардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі. Бұл мәселе біздің алаңдатып отыр, себебі оқушылар желідегі түрлі келеңсіз жағдайларға тап болып, тіпті өмірлеріне қауіп төндіретін жағдайларға душар болу мүмкін. Бұл отбасы мен мектептің ғана емес бүкіл қоғамның ортақ мәселесі. Осы мәселе, әрқайсымыздан сақтықты талап етеді. Балалардың қауіпсіздігін күшейту үшін "Заң және тәртіп" құндылығы аясында алдын-алу шаралары мен әлеуметтік жобалар іске асырылуда. Біз осы орайда төмендегі алғышарттар мен құндылықтар іске асырамыз:
✅"Буллингсіз әлем"
✅ "Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам"
✅"Буллингтен қорған"
✅ "Қауіпсіз қоғам"
✅ "Қоғамдық мүлікті қорға"
✅ "Өмірге салауатты қадам"
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы негізінде саналы шәкірт, сапалы ұрпақ
#біртұтас_тәрбие
#буллингсізәлем