Меню KDT

2024 жылдың 28 қазанда «Microsoft-Kazakhstan» жобасы аясында «Шағын жинақты ауыл мектептеріндегі білім беру процесін цифрландыруда «Microsoft Teams» платформасының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану» тақырыбында оқыту семинары өтті.


⚜️2024 жылдың 28 қазанда «Microsoft-Kazakhstan» жобасы аясында «Шағын жинақты ауыл мектептеріндегі білім беру процесін цифрландыруда «Microsoft Teams» платформасының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинардың мақсаты: «Microsoft Teams» платформасының мүмкіндіктерін пайдаланып, ауыл мектебі білім алушыларының білім сапасын арттыруға жағдай жасау, платформаны қолдануда тиімді тәсілдерді тарату әдістемесімен бөлісу. Онлайн білім беру тақырыбы бүгінде ерекше өзекті мәселе болып табылады. Ал цифрлық технологиялар қазір бастауыш мектептен бастап жоғары сыныптың қосымша білім беруге дейінгі барлық білім деңгейлерінің ажырамас бөлігі. Microsoft Teams – чат, онлайн кездесулер, файлдармен бірлесіп жұмыс істеуді қамтитын платформа. Бұл платформа Zoom, Google Docs, Slack, Trello және басқа да құралдарды алмастырада. Сонымен қатар, қолданатын қосымшалардың көпшілігін Microsoft Teams-қа біріктіруге болады. Семинар барысында ШЖМ білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, ғылыми-зерттеу және жобалық қызмет бойынша педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті. Жобаның мүмкіндіктері шағын жинақталған мектептердің педагогтері мен оқушыларына үлкен білім беру үдерісіне қосу арқылы өздерінің білім деңгейін көтеруге көмектеседі.


Комментариев нет
Просмотров: 135
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito.edu.kz
Добавлено: 29.10.2024 в 09:58