Меню KDT

29 қазан – Дүниежүзілік инсультпен күрес күні


Қазанның 29-ы күніДүниежүзілікинсультпен күрескүні атап өтіледі.Негізгімақсаты – инсульткеқарсыкүрестешұғылбелсендіәрекеткешақыру.Барлық жерде халықпенақпараттық-түсіндіружұмыстары,акциялар,медициналықұйымдардаашықесіккүндеріөткізіледі.

Инсульт – бұл ми қызметінің кенеттен бұзылуымен бірге жүретін мидағы қан айналымынң жедел бұзылысы. Бұл миды қоректендіріп тұратын артериялардың өткізгіштігі немесе бүтіндігі бұзылған кезде пайда болады.

Инсульт әлемде де, Қазақстанда да өлім мен мүгедектіктің басты себептерінің бірі болып қала береді. ДДҰ мәліметтері бойынша, инсульт бүкіл әлемде жылына 67 миллион адамның өмірін қияды. 2021 жылы аурулардың, жарақаттардың және қауіп факторларының ауыртпалығын жаһандық зерттеу деректерін талдау кезінде инсульт өлім себептері арасында үшінші орында тұрғаны анықталды, бұл 7,3 миллион жағдайды және барлық өлімнің 10,7% құрады. Инсульт мүгедектіктің жетекші себептерінің бірі болып табылады.

Қазақстандажылсайынинсульттің40мыңнанастамжағдайытіркеледі,2023жылыкөрсеткіш45мыңғадейінартты,оның ішіндегі адамдардың 13%стационарда,ал6% үйге шығарылғаннанкейін1айішінде көз жұмды.

2023 жылы ҚР халқы арасында қан айналымының жіті бұзылуларымен, инсульттің пайда болуы алдындағы жағдайлармен сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 229,4 жағдайды құрады.

Инсульт салдарынан сырқаттанушылықты, өлім-жітімді және мүгедектікті төмендетудегі негізгі мән реттелетін әлеуметтік, тұрмыстық және медициналық қауіп факторларына әсерді қамтитын цереброваскулярлық аурулардың бастапқы профилактикасына жатады. Әрбір төртінші адам өмір бойы инсульт алу қаупіне ұшырайды, алайда қарапайым қадамдар жасау арқылы барлық дерлік инсульттің алдын алуға болады.

Дүниежүзілік инсультпен күрес Күні шеңберіндегі 2024 жылғы Қазақстан Республикасындағы ақпараттық науқан инсульт проблемалары туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған, онда оның алдын алуға, инсульт проблемалары туралы хабардарлыққа, инсульт алған адамдар арасындағы инсульт белгілері туралы хабардарлыққа ерекше назар аударылады.

Дүниежүзілік инсультпен күрес күні инсульттің алдын алу мәселелерінде спорттың, дене белсенділігінің шешуші рөлін көрсетеді.


Комментариев нет
Просмотров: 10
Автор: ocspidpavlodar
Сайт: ocspidpavlodar.agartu.kz
Добавлено: 29.10.2024 в 13:06