«ҚАЭС» ЖШС Қазақстанда АЭС салу жобасы бойынша американдық «NAC International» және қазақстандық «Tör Altai Nuclear Consulting» компанияларымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында тараптар «NAC International» және «Tör Altai Nuclear Consulting» компанияларымен ынтымақтастық және өзара түсіністік меморандумдарында қарастырылған негізгі бағыттарды қарады.
«ҚАЭС» ЖШС Қазақстанда АЭС салу жобасы бойынша американдық «NAC International» және қазақстандық «Tör Altai Nuclear Consulting» компанияларымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында тараптар «NAC International» және «Tör Altai Nuclear Consulting» компанияларымен ынтымақтастық және өзара түсіністік меморандумдарында қарастырылған негізгі бағыттарды қарады. Бұл меморандумдар стратегиялық әріптестікті нығайтуға, өзара тәжірибе алмасуға және атом энергетикасы саласында консультациялық қолдау көрсетуге бағытталған.
Кездесу барысында NAC International консалтинг жөніндегі вице-президенті Дэвид Калп «ҚАЭС» ЖШС-ін АЭС салу мәселесі бойынша референдумның сәтті өтуімен құттықтап, консультациялық қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
«ҚАЭС» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин АЭС салу жобасын Қазақстанда сәтті жүзеге асыруда халықаралық тәжірибенің маңыздылығын атап өтті. Американдық және қазақстандық әріптестер өз кезегінде атом саласын дамытуға қолдау көрсетуге және осы маңызды жобаны іске асыруға үлес қосуға дайын екендіктерін растады.
«ҚАЭС» ЖШС Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға және атом саласының оң дамуына ықпал ететін АЭС салу жобасын сәтті жүзеге асыру үшін халықаралық серіктестерімен белсенді ынтымақтастықты жалғастыратын болады.
Анықтама: NAC International (NAC) — АҚШ-тың Атланта қаласында орналасқан өндірістік және консалтингтік фирма. NAC ядролық материалдарды тасымалдау, пайдаланылған ядролық отынды сақтау және ядролық материалдар нарығында кеңес беру қызметтерін көрсетеді.
«Tör Altai Nuclear Consulting» ЖШС (TANC) – уран өнімін өндіру маркетингі, ядролық материалдар және атом энергетикасы саласында консалтингтік қызмет көрсететін қазақстандық компания. TANC табиғи уран маркетингі және ядролық отын циклі компоненттері бойынша маманданған Қазақстандағы алғашқы жеке тәуелсіз компания саналады.