Меню KDT

23 қазан күні мектебімізде, 2024 -2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» қызметін ұйымдастыру «Өркен» Ұлттық Ғылыми-Практикалық Балалар әл-ауқаты институты бағдарламасына сәйкес, 5 «А» және 6 «Ә» сынып ата-аналарымен «Барлық отбасы үшін дұрыс тамақтану қағидалары» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.


🗓️23 қазан күні мектебімізде, 2024 -2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» қызметін ұйымдастыру «Өркен» Ұлттық Ғылыми-Практикалық Балалар әл-ауқаты институты бағдарламасына сәйкес, 5 «А» және
6 «Ә» сынып ата-аналарымен «Барлық отбасы үшін дұрыс тамақтану қағидалары» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
📝Мақсаты: балалардың салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде
ата-аналардың тамақтану мәдениетін қалыптастыру.
🟪 Міндеттері:
балалардың физикалық және психикалық дамуындағы дұрыс тамақтанудың
маңыздылығын ашу; дұрыс тамақтанбауға байланысты әртүрлі аурулар және
олардың салдары туралы түсініктерді кеңейту;
дұрыс тамақтану негіздерін қалыптастыруға үйрету (әртүрлілік, модерация
және тепе-теңдік);
отбасында дұрыс тамақтану үшін қолдау ортасын құру бойынша
практикалық кеңестер әзірлеу.
Ұлттық құндылықтар мен тұлғаның жеке қасиеттері: әділеттілік және жауапкершілік.
❓Кездесу барысында, ата-аналар екі топқа бөлініп, «Сұрақ-жауап» сергіту жаттығуларын орындап, жағдаяттық тапсырманың шешімін тауып, «Дұрыс тамақтану газеті» тақырыбында қабырға газетін шығарды.
«Балаға дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыруға қалай көмектесуге болады?», Біз пайдаланатын тағамның бәрі бірдей пайдалы ма? Ұзақ жылдар бойы денсаулықты сақтау үшін қандай тағамды таңдау керек?,- деген сұрақтардың төңірегінде ойларын ортаға салып, ұсыныс, пікірлерін білдірді.
🍊🍋🍉🥕 Соңынан «Дұрыс тамақтану» жадынамалары таратылды.
Сынып жетекшілер: Ж.М.Имангалиева, Г.К.Бигазина


Комментариев нет
Просмотров: 17
Автор: b5karaganda
Сайт: balh-sch5.edu.kz
Добавлено: 24.10.2024 в 14:49