«Тіл – тұғырым» жобасы аясындағы оқыту семинары
«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі Жол картасының 2-бөлімінің «Әр мектеп – үздік мектеп» тармақшасын орындауда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2024 жылғы 29 – 31 қазан аралығында «Тіл – тұғырым» жобасын іске асыру мақсатында оқыту семинарын өткізді.

Семинарға аталған жоба аясындағы оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптардағы пилоттық мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагогтері қатысты.
Аталған семинарда Павлодар қаласының №41 дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Мулькибаева Рысты Бейсенбековна «Байланыс теориясына негізделеген сауатты сөйлу және жазу дағдыларын дамыту әдістемесі» жинағымен бөлісті.
Пилоттық мектептер педагогтері алдағы уақытта бұл әдістемені жұмыс тәжірибесіне енгізіп, апробациялау көзделіп отыр.