«Академиялық ұтқырлық» жобасы аясында «Абыз - домбыра...» V республикалық күйшілер байқауының
Ұйымдастырушы: Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Астана қаласы әкімдігінің «Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі» МКҚК
Байқауды өткізу форматы: Дәстүрлі форматта (оффлайн)
Өткізілетін орны: Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебі
Өтетін мекен-жайы: Абай даңғылы 74/1
Өткізілетін уақыты: 16.11.2024 жыл
Өткізілетін уақыты: 09.00-18.00
Байқауға қатысатындар: Республикалық қосымша білім беру ұйымдары: балалар музыка мектептері және өнер мектептерінің оқушылары (арнайы мамандандырылған музыка мектептері қатыса алмайды).
Байқаудың мақсаты: қазақтың ұлттық құндылықтарының бірі, ғасырлар бойы әрбір қазақ отбасының төрінен орын алып келе жатқан қасиетті қара домбыраның мәртебесін көтеру, сондай-ақ, жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы мен құрметін ояту.
Байқаудың міндеттері:
-қазақ күйлерінің тарихын білу;
- дарынды жас таланттарды анықтап оларды қолдау;
- сахна мәдениетін дамыту;
- жас дарындылардың шығармашылық деңгейін көтеру.
Байқаудың шарттары мен тәртібі:
Байқау сайыскерлердің жас ерекшелігіне сәйкес 3 топ бойынша өткізіледі:
- кіші топ (8-10 жас)
- орта топ (11-13 жас)
- үлкен топ (14-16 жас)
Қатысушы шығарманы орындаған кезде ең алдымен өзін таныстыруы керек, күйдің авторы мен шығу тарихы жайлы мәлімет беруі тиіс.
Байқауға қатысушы қазақтың ұлттық киімімен отыруы керек.
Кіші топ (8-10жас) пен орта топ (11-13 жас) бағдарламасы:
- Қатысушы өз таңдауы бойынша екі мектептен (Арқа, Алтай-Тарбағатай, Жетісу, Қаратау, Жиделі-Байсын, Түбек, Орда күйшілік мектептері) 1 күйден орындауы тиіс.
Үлкен топ (14-16 жас) бағдарламасы:
1-шығарма: Арқа мектебінен Тәттімбет Қазанғапұлының 1 күйі
2-шығарма: Алтай-Тарбағатай, Жетісу, Қаратау, Жиделі-Байсын, Түбек, Орда күйшілік мектептерінен 1 күй
Құжаттарды қабылдау:
Астана қаласы әкімдігінің 06.12.2023 жылғы №107-2630 қаулысына сәйкес, байқау ақылы түрде өтеді. Қатысу бағасы – бір балаға 5000 теңге. Қатысу жарнасын төменде көрсетілген QR кодты пайдалана отырып, каспий қосымшасы арқылы төленеді. Байқаудың атауын «Абыз домбыра» деп назначение платежа деген жерге көрсету керек.
- Байқауға төмендегі үлгі бойынша өтінімді dombyra23@mail.ru электронды поштасына 2024 жылдың 11-қарашасына дейін жіберуі тиіс.
- Өтініммен бірге (төмендегі үлгі бойынша), қатысушының туу туралы куәлігінің көшірмесі, төлем жасалған түбіртегі ұсынылсын
- Өтінімде көрсетілген бағдарлама өзгертілмейді
- Мерзімінен кешіккен өтінімтер қабылданбайды
- Өтінімде жетекшінің байланыс телефондары және толық аты-жөнінің болуы міндетті
- Өтінім word күйінде жіберілуі тиіс (скандалған емес)
ӨТІНІМ
№ | Аты-жөні | Туған күні, айы, жылы, жасы | Аймақ, өңір, мектебі | Күй
| Жетекшінің аты-жөн(толық), телефоны, электрондық мекен-жайы |
|
|
|
| 1. |
|
2. |
Жауапты педагогтар:
Дихан Нұрдәурен Амантайұлы – домбыра сыныбының оқытушысы, 87476873266
Нуркенова Айдана Нұрханқызы - домбыра сыныбының оқытушысы, 87085431776
(жұмыс күндері 9-00 ден 18-00 ге дейін хабарласу сұралады)