Меню KDT

"Дастарханға бата"


#Біртұтас_тәрбие

#Күзгі_демалыс

2024 жылдың 01 қараша күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де «Күзгі демалыс кезіндегі жоспарға» сай 1-4-сынып оқушыларына арналған "Бауырсақ PARTY" жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге әжелер, аналар және оқушылар қатысты. Әр қатысушы өздерің таныстырып, 1-бөлімде дайындап келген қамырларын қалай дайындаған жөнінде түсіндіріп кетті. 2-бөлімде бірлескен жұмыс арқылы әжелер, аналармен бірге балалар қамырды жайып, оны кесті. Әр қатысушының дайындап келген ашыған, ашымаған бауырсақтар, тәтті, май қосылған, бал қосылған бауырсақтар, ши бауырсақ, шелпек бауырсақ, ұсақ, дөңгелек, қытырлақ бауырсақ, сорпаға иленген бауырсақ, үлкен бауырсақ сияқты алуан түрлі бауырсақтар пайда болды. 4-бөлімде дайын болған бауырсақтарды майға пісіріп, жәрмеңке ұйымдастырылды. "Жүрек" арқылы тілектер айтылып, әр қатысушылардың әдемі тілектері және өз көңілдерінен шыққан лебіздері тыңдалды.

Жәрмеңкенің соңғы бөлімінде барлық қатысушыларға сыйлықтар берілді және кішкентай болса да, Санжар "Дастарханға бата" берді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Комментариев нет
Просмотров: 36
Автор: b0917skobilim
Сайт: nssh2-sko.edu.kz
Добавлено: 04.11.2024 в 11:44