Меню KDT

№2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС


🔰 №2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС 🔰
🔰Балқаш қаласы білім бөлімінің "№5 жалпы білім беретін мектебі " КММ-де
31 қазан күні 2024-2025 оқу жылындағы І тоқсан қорытындысы бойынша №2 педагогикалық кеңес өтті. Тақырыбы: Оқу-тәрбие үрдісіндегі білім сапасын арттыруда өзектілікті анықтау және шешу жолдарына жаңашыл көзқарас қалыптастыру.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша
2-11 сыныптардың І тоқсан қорытындысы, білім сапасы, "Мақсатты мектеп" жоспарына сәйкес өткізілген 4,9 сыныптардың тестілеу нәтижесі, Bilimal электронды журналының толтырылуы туралы айтылды. Мектеп үйлестірушісі Ж.М.Имангалиева "LESSON STUDY – сабақты зерттеу тәсілін практикада қолдану" тақырыбы бойынша іс-тәжірибемен бөлісті.
2024-2025 оқу жылының І тоқсаны бойынша кәсіби, бейінді жұмыстардың жүргізілуі, оның ішінде кәсіби байқау, олимпиада, ғылыми жоба, конкурс, дарынды оқушылармен жұмыс туралы қорытындылады. 2-тоқсанға жоспарланған жұмыстар мен міндеттері таныстырылды.
Кеңес соңында шешім қабылданып, мектеп директоры Г.Ж. Балапанова педагогикалық ұжымға алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.


Комментариев нет
Просмотров: 20
Автор: b5karaganda
Сайт: balh-sch5.edu.kz
Добавлено: 01.11.2024 в 17:05