Меню KDT

2024 жылдың 1-2 қарашасында Астана қаласында әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында ҚР ОАМ бастамасымен Республикалық балалар мен жасөспірімдер қозғалысы көшбасшыларының құрылтайы өтті.


⚜️2024 жылдың 1-2 қарашасында Астана қаласында әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында ҚР ОАМ бастамасымен Республикалық балалар мен жасөспірімдер қозғалысы көшбасшыларының құрылтайы өтті.
СҚО 5 оқушы барып, яғни мектеп парламенттерінің Президентті, пікірсайысшы, жас құтқарушылар-ТЖ Министрі, Жердің елшісі, «Журналистер» – алға ұмтылып, кез келген мақсатқа қол жеткізуге дайын, креативті, шығармашыл тұлғалар көшбасшылық пен өзін-өзі дамыту құрылтайының бір бөлігіне айналды.
🔖Іс-шараның маңызды бөлігі билік және БАҚ өкілдерімен кездесу болды. Қатысушылар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Бақбергенұлы Керімбекпен, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Ғабдулұлы Жұмұрбаевпен, Астана қаласы Мәслихатының депутаттарымен, «ESBOL QORY» өңірлермен өзара әрекеттесу менеджерлерімен, белгілі кәсіпкерлермен, экологтармен, «Астана TV» телеарнасының журналистерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ТЖМ қызметкерлерімен, Астана қаласының № 6 А.Забикулин атындағы өрт сөндіру бөлімінің өкілдерімен кездесу мүмкіндігіне ие болды. Булат Өтемұратов Қорының Jas Leader Akademiiasy бағдарламасының жаттықтырушылары ұйымдастырған алаңдарда балалар үшін маңызды мәселелер көтеріліп, оларды шешудің нақты жолдары ұсынылды.
📌Құрылтайға қатысқан күндерінде жас көшбасшылар өз қабілеттерін ашып, көшбасшылық қасиеттерін көрсетті, әртүрлі конкурстар мен жарыстарға белсене қатысты.
📎Құрылтайдың маңызды оқиғаларының бірі Бейбітшілік және келісім сарайында өткен пленарлық отырыс болды, онда жас көшбасшылар еліміздің мектептерінде жүзеге асырылған табысты жобалар мен бастамаларды талқылап, балалар мен жасөспірімдер қозғалысын одан әрі дамыту туралы пікірлерімен және ойларымен бөлісті.


Комментариев нет
Просмотров: 290
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito.edu.kz
Добавлено: 04.11.2024 в 18:13