Меню KDT

Жас мамандар форумы

Жас мамандар форумы


Жас мамандар форумы

Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалы
2024 жылғы 29 қазанда Тараз қаласында «ЖАС ҰСТАЗ: ТАБЫСҚА АПАРАР ЖОЛ» атты облыстық ІІ форум өткізді.
Форум мақсаты - ауыл мектептері жас мұғалімдерінің педагогикалық қызметі табыстылығының бағдарларын құру, үнемі оқуға жəне дамуға деген ұмтылысты ынталандыру.
Форум міндеттері:
• Əр қатысушының дауысы естіліп, мамандықтағы қадамдары бағалануы үшін мүмкіндіктер мен формалардың əртүрлілігін пайдалану;
• Жас мұғалімдерге өзін-өзі жүзеге асыруға, ең жақсы тəжірибелермен танысуға жəне мамандықтағы жаңа идеяларды анықтауға мүмкіндік беру;
• Жас мұғалімдердің мамандықты дұрыс таңдау жасағандығына деген сенімін нығайту;
• Жас мұғалімдердің тез өзгеретін білім қоғамымен күресу үшін цифрлық білім беру ортасын пайдалану қажеттіліктерін көтермелеу болды.

Форум жұмысына мектеп-гимназияның жас мамандары: ағылшын тілі мұғалімдері Бейсенқұл Жамбыл, Мұхаметқалиева Әйгерім, Шынболат Гүлжан және математика пәні мұғалімі Қайыргелдин Диас қатысып, өзге әріптестерінің іс-тәжірибелерімен танысты.


Комментариев нет
Просмотров: 28
Автор: gymnasiumbekmahanov
Сайт: bekmahanov.kdt.kz
Добавлено: 30.10.2024 в 17:11