Меню KDT

«Адалдық-ол мен» эссе


#Біртұтас_тәрбие

#Әділдік_пен_жауапкерлік

2024 жылдың 08 қараша күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де қараша айының «Әділдік және жауапкершілік» құндылығы бойынша «Адалдық өзімнен басталады» апта тақырыбы негізінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Калиева Ж.К. 9 «А» сынып оқушыларымен «Адалдық-ол мен» атты эссе жазу байқауын өткізді.

Мақсаты: Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру. адами қарым-қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы, өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы туралы түсіндіру, оқушылардың адалдық пен әділдікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету, оқушыларды адалдыққа, қамқорлыққа, әділдікке және шынайылыққа тәрбиелеу.

Оқушылар өз эсселерінде: «Адалдық–адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі екендігін, өздерінен бастау керектігін, адам бағасының бір өлшемі де іспеттігін, адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу–өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туатынын айтып кетті.

Байқау қорытындысы бойынша: 1-орын-Тобыл Назерке, Үсен Кәусар, 2-орын- Ерсаин Дариға, Төлеген Салтанат, 3-орын-Жанзакова Жанар, Кошербек Дильназ.


Комментариев нет
Просмотров: 17
Автор: b0917skobilim
Сайт: nssh2-sko.edu.kz
Добавлено: 11.11.2024 в 10:19