Меню KDT

Буллинг және кибербуллинг

қатынасын орнату. Жиналыс барысында оқушыларға буллБүгін мектеп АКТ залында 5,6,7 сынып оқушыларына «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбында жиналыс өтті.Жиналыстың мақсаты: Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу.Буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-инг, кибербуллинг туралы слайд көрсетіліп, сұрақтар қойылды.Жасөспірімдер арасында белең алып отырған тәртіпсіздіктерден сақтану жолдары айтылып, жағдаяттар ұсынылды.Буллингпен қоса жүретін Кибербуллинг (электрондық кеңістікте қудалау, онлайн қатыгездік) – бұл өзін-өзі қорғай алмайтын құрбанға қарсы бағытталған, электрондық жолмен әрекеттесу жолдарын қолданумен жалғыз немесе бір топ адам жүзеге асыратын ұзақ уақыт бойы жүйелі қуадалаудың, қасақана агрессияға толы әрекеттердің бір түрі. Бұл смс-хабарламалар, әлеуметті желілер, абыройды төгетін веб-парақшалар ашу немесе қорлайтын, тілтигізетін бейнеконтент жариялау арқылы, т.б. жолдармен жасалатындығы түсіндіріліп, интернет желісін қолдану шарттары айтылып, түсіндірілді.

 



Комментариев нет
Просмотров: 1
Автор: shkoshmambetova
Сайт: koshmambetov.karasai.edu.kz
Добавлено: 16.09.2024 в 09:18