Біздің мектептің салтанатты ашылуы
2024 жылғы 11 қарашада біздің мектептің салтанатты ашылуы өтті.
2024 жылғы 11 қарашада біздің мектептің салтанатты ашылуы өтті. Бұл біздің облыстағы Президенттің тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынған алғашқы білім беру мекемесі. Іс-шарада Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Гауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов барлық оқушыларды, ата-аналар мен педагогтарды осы маңызды оқиғамен құттықтады. Экскурсия барысында қонақтар мектептің білім беру кеңістігімен және оқу кабинеттерінің жабдықталуымен танысты.
Әрқайсымыз үшін мектептің ашылуы-өмірдегі жаңа кезеңнің басталуы.
Әсіресе, мектепте балаларды заманауи талаптарға сай дамыту, оқыту және тәрбиелеу үшін барлық жағдай жасалғаны қуантады. Жабдықталған кабинеттер, ыңғайлы жиһаз, кең асхана, екі спорт залы, акт залы және хореография залы, медиатекасы бар оқу залы, STEM-зертхана және робототехника кабинеттері.
Баршаңызды мектептің ашылуымен құттықтаймыз және әркімге оқуда және шығармашылықта табыс тілейміз.
Комментариев нет
Просмотров: 5