Меню KDT

Логикаңыз қалай?

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (ресурстық орталық) 6-шы қараша күні 9,10,11 сынып оқушылары арасында
«Логикаңыз қалай?» интеллектуалды ойын өткізілді.
Ұйымдастырушы математика пәнінің мұғалімі:
Тілеуқұл Нұрай.
“Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру- бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз”-, Н.Назарбаев. Интеллектуалды ойынның мақсаты: оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. Логикалық есептерді шешуге дағдыландыру, шығармашылық ізденістерін ұштау, ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Ойынға 9,10,11 сынып оқушыларынан құралған 2 топ қатысты:
1.Айдахарлар
2.Мегамозг.
Ойынның 6 кезеңі болды:
1.Топқа бөлу. Таныстыру
2.Сұрақты қағып ал!
3.Санға қатысты мақал-мәтелдер
4.Математикалық алфавит
4.Кім жылдам?
6.Блиц турнир
Шараға директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Джексенбаева Баян Ниятуллаевна, мектептің ұстаздары,сынып жетекшілері және мектеп білім алушылары тамашалады.


,


Комментариев нет
Просмотров: 3
Автор: tolebimakataeva
Сайт: makataev.kdt.kz
Добавлено: 07.11.2024 в 10:48