Ғаламтордағы қатердің алдын алу - ӨМІРІҢЕ ТӨНГЕН ҚАТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ
05.11. 2024 жылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 1. «Ғаламтордағы қатердің алдын алу - ӨМІРІҢЕ ТӨНГЕН ҚАТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ" тақырыбында 8-11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: білім алушыларға интернет мазмұнының әсері, проблемасын түсіндіру , интернет ресурстарын қолданудың жауапкершілігін арттыру.
Қатысқандар:
ДҚТІЖО- Мырзаханова Л.А , ДТІЖО- Ернаурызов З,
мектеп психологтары , сынып жетекшілер, 8-11 сынып оқушылары- 260.
Барысы:
Күн тәртібінің мәселесі бойынша ДҚТІЖО- Мырзаханова Л.А ашып, сөз сөйлеп, «Ғаламтордағы қатердің алдын алу - ӨМІРІҢЕ ТӨНГЕН ҚАТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Білім алушылар екі топқа бөлініп «Интернет дегеніміз не?», «Қауіпсіз интернет», «Пайдалы және қауіпсіз интернет», «Балаларға балалық шақтан бастап қауіпсіз интернет қажет», «Интернет және біз» деген сұрақтар аясында өздерінің ашық ойларын ортаға салды. Сонымен қатар әлеуметтік желілер туралы әртүрлі ақпараттар, оның балаға қаншалықты зияны мен пайдасы , баланың ғаламтордағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ғаламторда ұнамсыз ақпараттар кездестірген жағдайда не істеу керектігі жайында көптеген ойлар қозғалды.
Қазіргі таңда ғаламтордың көзінен әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық деп қорытынды жасалды.
Екінші мәселе бойынша мектеп психологы, «Ғаламтор қаупі» тақырыбында кеңестер берді.
Қорытынды: Оқушылар өз ойларымен бөлісіп , пікірлерін айтты.
,
Комментариев нет
Просмотров: 4