Меню KDT

Ақпараттық қауіпсіздіқ

04.11. 2024 жылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде “Ақпараттық қауіпсіздіқ ” тақырыбында 8-10 сынып оқушыларына баяндама оқылды.
Мақсаты: : Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын айту, үйрету.
Қатысқандар:
ДҚТІЖО- Мырзаханова Л.А , ДТІЖО- Ернаурызов З, мектеп психологтары , сынып жетекшілер, 8-10 сынып оқушылары- 201
Барысы:
Жиналысты ДТІЖО- Ернаурызов З , ашып сөз сөйледі.
Информатика пән мұғалімі Балхожаева А.Б “Ақпараттық қауіпсіздіқ ” тақырыбында баяндама оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ғаламторда жасөспірімдерге қауіп төндіретін қатердің бірнеше түрлері бар екенін айтып өтті. Өзіне- өзі қол жұмсаушылардың сайттары; ұлтараздықты тудыратын, ұлттар арасындағы достыққа қарсы тұратын және нәсілдерді қабылдамайтын сайттар (экстремизм, ұлтшылдық, фашизм); танысу сайттары (виртуалды қарым-қатынас шынайы қарым-қатынасты жүргізуге кедергі болады, жасөспірімдер коммуникативтік дағдылардан айырылады); экстремизм, зорлықты және әумесерлік мінез-құлықты насихаттайтын, таныс емес адамдардың тарапынан оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, жеке кездесулерге шақырып, алаяқтықтың түрлерін насихаттайтын сайттар т.б түрлі сайттар.
Интернетпен жұмыс жасаудың бірнеше ережелері
1. Таныс емес сайттарға бас сұқпаңыз.
2. Өзіңіз туралы ақпаратты ешкімге сеніп бермеңіз
3. Интернет арқылы қарым-қатынас орнатқан кезде өзіңіздің жеке мәліметтеріңізбен қолданбаңыз, керісінше лақап атпен (никпен) қолданыңыз.
4. Үлкен адамдардың бақылауынсыз Интернетте танысқан адаммен кездесуге бармаңыз.
5. Интернетте орналасқан ақпараттың барлығына бірдей сене бермеңіз т.б
Қорытынды: Оқушылар өз ойларымен бөлісіп , пікірлерін айтты.


,


Комментариев нет
Просмотров: 4
Автор: tolebimakataeva
Сайт: makataev.kdt.kz
Добавлено: 05.11.2024 в 11:18