Интернеттің сенің өміріңе беретін әсері қандай
15-16.10.2024 жылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде “Интернеттің сенің өміріңе беретін әсері қандай” тақырыбында оқушыларымен кездесу өткізілді.
Мақсаты: Интернетке тәуелділіктің алдын алу, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Қатысқандар: ДҚТІЖО- Мырзаханова Л.А , ДТІЖО- Ернаурызов З,
мектеп психологтары , сынып жетекшілер, 5 – 11 сынып оқушылары.
Барысы:
Күн тәртібінің мәселесі бойынша ДТІЖО- Ернаурызов З, ашып сөз сөйледі.
Бірінші мәселе бойынша ДҚТІЖО- Мырзаханова Л, “Интернеттің сенің өміріңе беретін әсері қандай” тақырыпта баяндама оқыды . Ғаламторға тәуелділіктің түрлері: ойынға тәуелділік, сетеголизм, интернет-серфинг. Интернетке тәуелділіктің 9 белгісі:үнемі онлайн болуды қалау , интернетке шыға алмаған жағдайда ашушаңдыққа бой алдыру ,виртуалды кеңістіктен шығуды қаламау ,оқу үдерісіне және үлгеріміне әсерін тигізетін зейін бұзылысы , жеке бас тазалағына немқұрайды қарау , тамақтан бас тарту немесе компьютерден не телефоннан бас алмай жүйелі түрде бейберекет тамақтану , шынайы өмірде қарым-қатынастан бас тарту, айналадағы адамдармен жанжалдасу , бар бос ақшаны компьютер мен Интернетке салуға дайын тұру, бойынша түсіндірме жұмысын жұргізді.
Мектеп психологтары оқушылармен тренинг жүргізіп, кеңестер берді.
Сонымен қатар әр түрлі мәселелер қарастырылды
Қорытынды: Оқушылар өз ойларымен бөлісіп , пікірлерін айтты.
,
Комментариев нет
Просмотров: 2