Ата-ананың парызын,өтеу-сенің қарызың атты танымдық сабақ өткізілді.
Күзгі сессиядағы дамыту блогының
жоспары бойынша 15.10.2024ж. күні 9 «А»
сынып жетекшісі Р.Кашаганованың
ұйымдастыруымен 9 "А" сыныбыммен
«Ата-ананың парызын,өтеу-сенің қарызың атты танымдық сабақ өткізілді.
Танымдық сағаттың мақсаты: Оқушылар бойына осы танымдық сағаты арқылы сүйіспеншілікті,жылылықты ұялату.Ата-анасын құрмет тұтып,адал да парасатты ұл мен қыздар болуға тәрбиелеу.Ата-ананың алдындағы жауапкершіліктерін түсініп құрметтеуге баулу.
Құрманбек Жанбота ның орындауында "Мен қазақпын" әнімен ашылды. "Түсінем-сенің уақытың жоқ....,маңызды шаруаң көп",-видео ролик көрсетілді.Бектұр Зере мен Әбдіманап Дәурен жүргізумен өткізілді.9 А-сынып оқушылары Нұрбике,Ақмоншақ,Назерке,Айыасыл,Нұриля,Жанерке ата-анаға арнауларын сахнаға шығып оқыды.Одан кейін видео ролик: Күн демей, түн демей 3 жұмыста жасап баласын оқуға шығарып салып жатқан әке бейнесін тамашалады. "Әке туралы жыр" Орындаған:11 А -сынып оқушысы Сапарбек Мирас. Көрермендерге сұрақтар қойылды.9 А-сынып оқушыларының "Кешір ана" атты көрінісі ұсынылды.Көріністен кейін көрініске байланысты көрермендерге сұрақтар қойылып,талқыланды.
Танымдық сағат соңында директордың
эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.
Джексенбаева сөз алып, оқушыларға
ұсыныс, тілектерін айтты.
«Ата-ананың парызын,өтеу-сенің қарызың» атты танымдық сабақ өз
дәрежесінде өте жақсы өтті. Соңында
қатысушы оқушылардан ауызша кері
байланыс алынып, әсем әуенмен аяқталды.
,
Комментариев нет
Просмотров: 2