Меню KDT

Математика таңғажайыптары

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 8 сыныптарға арналған күзгі сессия барысында "Математика таңғажайыптары" үйірмесі өтті. Үйірме жетекшісі Тілеуқұл Нұрай балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық, қызықты математикалық тапсырмаларды шешуді ұсынды.
Үйірменің мақсаты – оқушыларды математика ғылымының түрлі аспектілерімен таныстыру, логикалық ойлау, проблемаларды шешу және есептеулерді жылдам орындау дағдыларын дамыту. Сабақтар барысында балалар әр түрлі жарыстарға қатысып, қызықты ойындар мен жаттығулар орындап, математикалық олимпиадаларға дайындалды.
Бұл іс-шаралар балалардың математикаға деген қызығушылығын арттырып, топта жұмыс істеу, жаңа достар табу мақсатында ұйымдастырылды.


,


Комментариев нет
Просмотров: 2
Автор: tolebimakataeva
Сайт: makataev.kdt.kz
Добавлено: 04.11.2024 в 16:42